Corel Draw. Объектілер экструзиясы.

Мақсаты: Объектілер экструзиясымен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1. Объектілер экструзиясы

2. Меңзерді басқару пернелерінің көмегімен жылжыту

 

1. Қисықтарды редакциялау белгілі дағдыларды талап етеді. Әрине, бастапқы кезде сіздердің фигураларыңыз әдемі болмайды, бірақ сіздер жұмыс барысында дағдыланатын боласыз. Кейбір тораптармен (узел)жүргізілетін операуиялырды сурет салу иструменттерімен (саймандарымен) және Нұсқағыш-Указатель исструменттерімен орындауға болады. Десе де контурларды  редакциялау үшін CorelDRAW-тың Фигура(Shape Tool) арнайы инструменті бар. Ол иструменттер панелінде жоғарыдан санағанда екінші орналасқан. Бұл инструментпен таңдағанда объектінің сырт пішіні өзгереді. Контур сары түспен жарықталған пунктир сызық түрінде болады. Объектінің тораптары шағын қара шаршылар сияқты бейнеленеді.

Контурларды реакциялау тұрғысынан қарағанда (немесе көзқарасы бойынша) ерікті пішінді фигуралардың (қисық объектілердің) графикалық примитивтерден негізгі айырмашылығы қисық объектінің тораптарын қандай да болсын тәсілмен өзгертуге болады, ал графикалық примитивтердің тораптарын тек аса шектелген тәсілдердің жиынымен редакциялайды. Сондықтан, егер сіздепр сурет инстументімен салынған фигураның пішінін өзгерткіңіз келсе, онда оны қисыққа айналдыру керек. Бұл үшін Моньаж менюінің Преобразовать в кривые (Convert to shapes) командасын таңдаңыздар. Бұл команда объектіні таңдағаннан кейін қасиеттер панелінен де мүмкін болады. Ол қасиеттер панелінде сол бір атты батырмамен таңдалады. Батырмада төрт торабы шеңбер салынған.

 

2. Белгіленген торапты жылжыту үшін меңзерді басқару пенлерін пайдалануға болады. Торап меңзердің пернесін әрбір басқан сайын бірдей шамаға ығысады. Шаг смещения қасиеттер панелінің Нұсқағыш иструментінің Ығысу қадамын(Nudge Offset) енгізу өрісінде беріледі. Бұл тәсіл редакцияланатын фигураның тораптарын дәл позициялауға мүмкіндік береді.

Осы объектіні қарастырайық. Өзгертулер жүргізгеннен кейін сегменттердің сырт пішін өзгермегеніне қарамастан, басқарушы нүктелердің болуы біздің алдымыздағы қисық екендігінің айғағы.оның әрбір торабының екіден, ал соңғысы тораптарының-бірден басқарушы нүктелері бар. Қазіргі барлық тораптар сүйір- мұндай тораптың басқару нүктелері бір-бірнен тәуелсіз болады.Сүйір торап арқылы өтетін қисық кез келген бұрышта иіле алады. Тораптың басқарушы нүктелерін апара отырып, сүйрі торап арқылы өтетін қисықтың жатықиілісі немесе кез келген бұрышы болатындығына көздеріңізді жеткізіңіздер. Сонан кейін бастапқы қалыпқы қайтыңыздар.Бұл қисыққа сүйір торап керек болмайды. Барлық тораптар қисықтың иілісінің жатық болуын қамтамасыз етуі керек. Бұлар немесе тегістелген немесе симметриялы тораптар.

Симметриялы тораптар тораптың екі жағына бірдей қисықтық жасайды, сондықтан, олар негізінде симитриялы объектілерді редакциялағанда қолданылады. Біздің жағдайда әдемі иілістерді қалыптастыру үшін тегістелген тораптарды қолданайық. Олар қисықтың түрін (пішінін) неғұлым еркін басқаруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеті:

1 Компьютерная графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»

   Москва «АСТ», 2001.

2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр Тайц.  Санкт-Петербург *

   Москва * Харьков * Минск, 2001.  

 

Бақылау сұрақтары:

1 Қисықтарды редакциялау қандай кезеңдерден тұрады?

2 Белгіленген торапты жылжыту үшін нені пайдалануға болады?